11:02, 19 Қыркүйек 2017 | GMT +5
Қазақстанда жанар-жағармай бағасы қымбаттауда
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қатардағы тұтынушылар үшін Қазақстандағы жанар-жағармай материалдарының өзіндік өндірісінің өсімі мен импорттың қысқаруы бағаның артуына әкеп соқты, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА finprom.kz-ке сілтеме жасап.
Сонымен қатар, 2017 жылдың тамыз айында 2016 жылдың желтоқсан айымен салыстырғанда ішкі нарыққа негізделген мотор бензинін өндірушілердің бағасы 4,5%-ға өсті, қысқы дизель отыны - 0,5%, ал, жазғы - бірден 14,5%-ға өсті.
Жергілікті мұнай өндіруші зауыттарда небәрі 3,1 млн тонна дизель отыны өндірілді, бұл былтырғы жылдың қаңтар-тамыз айларымен салыстырғанда, 1,8 пайызға төмен.
2017 жылдың тамыз-шілде айларында Қазақстанға барлығы 188,9 мың тонна дизель отыны жеткізілген, бұл көрсеткіш былтырғы жылмен салыстырғанда екі есеге кем. Сондай-ақ, осы аралықтағы автомобиль бензинінің импорты 625,9 мың тоннаны құрап, 2016 жылдың осы кезеңіндегі көлеммен салыстырғанда, 2,4 пайызға кеміді.