ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Атыраулық жайма өнімі Ресей нарығына кеңінен таралуда (ФОТО)

«Өнімді жаңа итальяндық технология бойынша шығарамыз. Оған қоса, ұнның сапасы жоғары. Осының арқасында өнім қазақстандық және шетелдік тауарлармен бәсекелесе алады. Айта кету керек, пайдаланылатын ұн - отандық өнім», - деді цех технологы Аэлита Жанкиева.
Бүгінде атыраулық супермаркеттер мен сауда орталықтарында цех өнімі бірден көзге түсетін жерде тұр. Бұған республикада өтіп жатқан акция ықпалдасты. Акцияның мақсаты - отандық тауарды насихаттау. Нәтижесінде айына «Атырауда жасалған» маркалы макарон өнімдерінің 20 тоннадан астамы сатылады. Бұл аймақтағы макарон өнімдеріне деген сұраныстың шамамен 20 пайызы. «Өткен жылдың күзінен бастап Қазақстанға көрші елден арзандаған өнімдерді әкеле бастады. Бәсеке күшейді. Сөйтіп барлық макарон фабрикаларында шығарыла бермейтін жаймаға баса назар аудардық. Біздің өнімге деген сұраныс облысымызда ғана емес, сонымен бірге ресейлік Астраханьда да сұранысқа ие», - деді «Спика-А» ЖШС басшысы Әлпия Мұханова. Аз уақыт ішінде мұнда шығарылатын қазақтың ұлттық тағамы - жайма бұрын айына 1,5 тоннадан өндірілсе, қазір бір айдағы өнімділік 10 тоннаға дейін артты. Бұл өнімді сатып алушылар Астраханьда ғана емес, Волгоград пен Саратовтан да табылды. Алдағы уақытта макарон өнімдерінің цехын кеңейту көзделген. Мұнда тұшпара өндірісі оң жолға қойылмақ. Бұған қажетті барлық дерліктей қондырғы бар.