Қазақстанда жасалған аяқ киімдерге сұраныс артып келеді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Петропавл қаласында аяқ киімдердің 100-ден астам үлгісі тігіледі. Ер адамдар мен әйелдерге арналған етік, туфлилер таза теріден жасалады. Бүгінде олар облыс бойынша ғана сатылады. Дегенмен сұраныс шеттен де түсіп жатыр, деп жазады 24.kz.
None
None

Петропавл аяқ киімдер фабрикасы - 1994 жылдан бері тоқтаусыз жұмыс істеп келе жатқан өндіріс ошағы.  Күніне етік, туфлидің 50 жұбын тіге алады. Бүгінде отандық өнім тұтынушыға танылып үлгерген.

«Аяқ киімдерімізді Ресейге жөнелтпесек те, ол жақтың адамдары өздері келіп сатып алады. Осында өлшеп, ұнағандарын киіп кетеді. Ал негізінен облыс бойынша өткіземіз», - дейді аяқ-киім фабрикасының директоры Иван Мнацаканян.

Фабрика дизайнерлері аяқ киімдердің үлгілерін үнемі жаңартып тұрады. Өнім Қазақстан, Ресей және Түркияның таза былғарысынан жасалады.

"Маған Петропавл аяқ киімдері өте ұнайды. Олардың етігін анам сатып алады. 5 жыл киіп шықты. Енді өзіме де таңдадым», - дейді тұтынушы Марина Бекряшева.

Бүгінде фабрикада 10 адам еңбек етеді. Олар аяқ киімдерді тігіп қана қоймай, тозғандарын жөндеумен де айналысады. Кәсіпорын болашақта өндіріс қуаттылығын арттыруды да жоспарлап отыр.

Соңғы жаңалықтар