Қазақстанда жасалған бірегей операция бізден гөрі шетелде көп талқыланды - Дәурен Абаев

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Ақпарат және коммуникациялар министрі Дәурен Абаев 24 жастағы алматылық жігітке жасалған бірегей операция елдегі денсаулық сақтау саласының жақсы көрсеткіші бола алатынын мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

«Шынында да, бұл Юрий Владимирович Пя басқарып отырған кардиохирургтарды ғана емес, бүкіл отандық медицинаны құттықтауға тұрарлық жаңалық. Бұл - әлемдік ауқымдағы жетістік. Білесіз бе, бұл жаңалық біздің елден гөрі шетелде кеңінен талқыланған тақырыптардың бірі. Алматылық пациент Исмаил Тұрсыновқа қан айналымы үшін қосалқы құрылғы имплантациясы жасалды. Мұндай ота әлемнің бірде-бір елінде жасалмаған. Жылына 150-ге тарта пациент осындай отаға мұқтаж болады. Бүкіл әлемнің медицина саласындағы кәсіпқой мамандары мен сарапшылары осы жетістікті ерекше атап өтуде. Менің ойымша, бұл қадам біздің елдегі денсаулық сақтау саласының жақсы көрсеткіші бола алады», - деді Дәурен Абаев.

Еске сала кетсек, Ұлттық ғылыми кардиоxирургиялық орталық мамандары жақында әлем бойынша алғаш рет тағы сәтті операцияны жасаған болатын. Оның басты ерекшелігі сол, адамның жүрегіне сымсыз қанайналым құрылғысы орнатылған.

Орталық басшысы Юрий Пяның айтуынша, жүректің сол жақ қарыншасының көмекші құрылғысы адамға еркін қозғалуға мүмкіндік береді. Себебі сыртқа ешқандай кабельдер шығарылмайды. Ал қанайналым құрылғысын зарядтау оңай, оның қуаты 8 сағатқа жетеді. Бірегей операция 24 жастағы Исмаил Тұрсыновқа жасалды.

Соңғы жаңалықтар