ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Елордалық «Стеклянный дом» зауыты жылына 12 мың шаршы метрге дейін өнім шығарады
Бұл туралы елорда әкімдігінің баспасөз қызметі хабарлады.
- Біз конструкциялар да жасаймыз: баспалдақтар, балкондар, қоршаулар, жақтаулар. Оқ өтпейтін шынылар да шығарамыз, - деп зауыт жұмысын таныстырды «Стеклянный дом» ЖШС директоры Александр Гаврилов.
Зауыт жабдықтары негізінен Қытай мен Ресейден әкелінді, Еуропадан жеткізілген бірнешеуі бар. Компания шыныны эмальдауға, шынықтыруға арналған құрылғылар алуды жоспарлап отыр, бұл өнім түрлері мен тапсырыстарды екі есеге арттыруға мүмкіндік береді.
Қазіргі таңда зауытта 40 адам жұмыс істейді. Елімізде өндірістің осы саласында мамандардың аз болуына орай мамандардың көп бөлігі жұмыс барысында тәжірибеден өтіп, оқып жүрген жастар болып табылады.
Зауыттың жылдық өнімі 30 млн теңгені құрайды, яғни 12 мың шаршы метр шыны өнімі. Алайда, зауыт басшылығы үш жылдың ішінде өндірісті 50% арттыруды көздеп отыр.
Бүгінде зауыт өнімдері Астанада ғана емес, барша Қазақстанда пайдаланылады. Елордалық «Азия парк» СОО, «Керуен» СОО, «Мега» СОО, «Алау» МС секілді ғимараттардың шыны интерьерлерін «Стеклянный дом» жасаған.
- Менің ойымша, отандық өндірушіні қолдау жай сөз емес, бұл әсер беруі керек және әсер етіп келеді де. Бізбен жұмыс істеген неге ыңғайлы? Біз қаладамыз, қызмет көрсетудегі кез-келген мәселені дәл қазір осы жерде шешуге болады. Кез-келген кезде жаңартып, ауыстырып бере аламыз, - дейді Александр Гаврилов.