ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Қазығұрттағы кондитерлік фабрика күніне 2 тонна дайын өнім шығарады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазығұрт ауданындағы кондитерлік фабрика өнімі отандық тауардың қатарын толықтырып отыр, деп жазады ontustik.gov.kz.
None
None

Кәсіпорынның тәтті күлшелеріне ауылдың өзінде сұраныс көп. Мектеп, балабақша секілді орындар өз алдына, той томалақ жасайтын немесе үйіне қонақ шақыратындар керегін осы жерден алатын болған. Бұрынғыдай қалаға барып-қайтуға шығынданбайды. Цехтан шыққан өнімнің құны дүкендегіден әлдеқайда арзан. Кәсіпорында 40-қа жуық адам қызмет етеді. Күніне 2 тоннадай дайын өнім шығарады. Жергілікті жердің өзінде сұраныс жоғары. -Өнімімізді төрт облысқа өткізіп жүрміз. Кәсіпкерлік саласы бойынша ауданда тағы тоғыз жоба жүзеге асып жатыр. «Бизнестің жол картасы» бағдарламасы аясында олардың бесеуінің банктерден алған несиесі мемлекет есебінен субсидияланды. Қалған төртеуіне сұраныстарына сай қажетті инфрақұрылым жүргізіліп берілді, - деді цех басшысы Сергей Мұсақұлов.

Соңғы жаңалықтар