21:55, 30 Наурыз 2015 | GMT +5
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Көкшетауда кір жуғыш ұнтақтар шығарыла бастады (ФОТО)
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Көкшетауда кір жуғыш ұнтақтар мен жуғыш құралдары шығарыла бастады. Бұл туралы бүгін облыс әкімі Сергей Кулагиннің Көкшетаудағы "Тұрмыстық химия комбинаты" ЖШС болғанында белгілі болды.

Қазіргі уақытта кәсіпорын кір жуу ұнтақтарын, сұйық әмбебап жуғыш құралдарын, предизолирленген құбырларды және үлгілік бұйымдарды өндіреді. Зауыттың ай сайынғы өндірістік қуаты 30 тонна кір жуғыш ұнтақ, 20 литр жуғыш құралдар және 5 мың метр құбырды құрап отыр. Зауыт өткен жылы 290 миллион теңгенің өнімін өндірген. Биылғы жылдың 1 тоқсанындағы табысы 30 миллион теңгені құрады.
Тауар Қазақстанның барлық өңірлерінің нарықтарына, сондай-ақ Ресейге жөнелтіледі. Кәсіпорын 45 адамды жұмыспен қамтып отыр.