16:14, 26 Желтоқсан 2015 | GMT +5
ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Көкшетауда өткен азық-түлік жәрмеңкесінде 517,5 тонна өнім саудаға шығарылды
КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Бүгін Көкшетау қаласында Зеренді, Сандықтау, Целиноград, Шортанды, Еңбекшілдер аудандары мен облыс орталығының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілерінің азық-түлік жәрмеңкесі өтті.

Жәрмеңкені Ақмола облысының әкімі Сергей Кулагин аралап көріп, азық-түлік бағасы мен оның ұйымдастырылуына назар аударды.
«Восточный рынок» аумағында ұйымдастырылған жылдың соңғы ауыл шаруашылығы өнімдерінің жәрмеңкесіне жалпы құны 220,2 миллион теңгеге 517,5 тонна азық-түлік өнімі әкелінді. Оның ішінде, 156,2 тонна ет және шұжық, 18 тонна балық, 250 мың дана жұмыртқа және өзге де азық-түлік өнімі бар. Жәрмеңкеде «Қазақстанда жасалған» белгісімен сатылған азық-түліктің бағасы нарық бағасынан 15-20 пайызға арзан болды.