ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Оңтүстікқазақстандық дәрілік шөптер шетелде сұранысқа ие

АСТАНА. ҚазАқпарат - Отандық тауар саны артып келеді. ОҚО Ордабасы ауданы Шұбар индустриялық аймағында фармацевтикалық өнім шығаратын «Бастауфарм» ЖШС жұмыс істеп тұр. Ол бес жүз жергілікті тұрғынды жұмыспен қамтыды. Сондай-ақ полиэтилен қапшықтарын шығару желісін ашу да көзделген, деп жазады Отырар.кз.
None
None

«Бастауфарм» ЖШС экологиялық таза фармацевтикалық өнім шығарады. Біздің дәрілік шөптер Қазақстанда үлкен сұранысқа ие», - деді Ордабасы ауданы Шұбар ауылдық округі әкімінің орынбасары Амангелді Рысбаев.

«Бастауфарм» ЖШС инвестжобасының бірінші кезеңі дәрілік шөптерді өңдеуді қарастырса, екіншісі - дәрілік шөптерді өсіру. Жобаның жалпы құны 5 млн.долларды құрайды.

«Біздің өнім Қытайда сұранысқа ие. Соңғы кездері олар табиғи шикізатқа көшті. Біз олар үшін жартылай фабрикаттар мен дайын өнімді жеткіземіз. Көп жылдарға келісімшарт жасастық. Бұл шарттарға сәйкес түрлі өнімнің 3,5 мың тоннасын жеткіземіз», - деді кәсіпорын директоры Әбдірахым Жұмабеков.

Бірлескен кәсіпорын ашылар алдында Жапония, Ресей, Өзбекстан және Қазақстан ғалымдары қорларды анықтау және дәрілік өсімдіктерді өсірудің агротехникалық әдістерін зерттеді. Ал қазір Ордабасы аудандық шаруа қожалықтарымен көпжылдық шарттар жасалған.

«35 шаруа қожалығымен келісімшартқа тұрдық. Дәрілік шөптің шамамен 10 түрін өсіру үшін 10 мың га жерді игеруді көздеп отырмыз», - деді Әбдірахым Жұмабеков.

«Бастауфарм» ЖШС өткізу нарығын кеңейтуді жоспарлап отыр. Бұл жобаны үкімет қолдаса, өнімді Қытайға ғана емес, өзге елдерге де экспорттау мүмкіндігі туады.

Соңғы жаңалықтар