ҚАЗАҚСТАНДА ЖАСАЛҒАН: Жақсы ауданында 37 теңгенің әлеуметтік тәтті наны пісіріледі - Ақмола облысы (ФОТО)

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Жақсы ауданындағы "Урожай" ЖШС-нің наубайханасында 37 теңгенің әлеуметтік тәтті наны пісіріледі.
None
None

Бұл туралы серіктестік директоры Ғабиден Бралин мәлім етті.

Оның айтуынша, Жақсы ауданындағы "Урожай" ЖШС-і заман ағымынан қалыспай, ілгері жылжып келеді. Ұн өнімдерін өндірумен айналысатын кәсіпорын өңірдегі халықты сапалы әрі тәтті нандармен қамтамасыз етеді. Осы мақсатта серіктестік тәулігіне 3 тонна нан, батон пісіреді. Мұндағы нанның бағасы арзан болғандықтан үлкен сұранысқа ие.

«Агрофирма TNK» компаниялары тобына кіретін "Урожай" ЖШС-нің дирмені тәулігіне 520 тонна астық өңдеп, 5 тонна қабылдай алады. Дирменде жоғары және екінші сортты ұн шығарылады. Өнім 50 және 25 келі полипропилен қапшықтарға салынады. Ұнның сапасы жоғары болғандықтан еліміздің оңтүстік өңірлерінен сұраныс түсіп жатады. Ол жаққа айына 70 вагон ұн жіберіп отырамыз. Сонымен қатар, Ресей, Иран және Ауғанстан елдеріне де экспортқа шығарамыз. ҮИИД мембағдарламасы шеңберінде дирмен кешені қазіргі заманғы талаптарға сай түркиялық қондырғымен жабдықталған. Осының арқасында өндіріс көлемі артуда», - дейді серіктестік директоры.

Соңғы жаңалықтар