Қазақстанда жеке деректерге қол жеткізу ережелері өзгертілді

АСТАНА. KAZINFORM — Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігінің 2025 жылғы 30 мамырдағы бұйрығымен жеке деректерге қол жеткізуді бақылау бойынша мемлекеттік сервистің интеграциялау ережелеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізілді. Құжат жобасы «Ашық НҚА» порталында жарияланды. 

Қазақстанда жеке деректерге қол жеткізу ережелері өзгертілді
Фото: freepik

Жаңа ережеде бірнеше негізгі ұғым нақтыланды, яғни банк, жеке деректерге қол жеткізуді бақылау бойынша мемлекеттік сервис, жеке деректері бар дерекқор операторы, жеке деректер субъектісі, қауіпсіздік токені тағы сол сияқты.

Ендігі уақытта жеке деректерді алу туралы өтінімде төмендегі деректерді көрсету қажет:

— жеке деректерге қол жеткізу жүзеге асырылатын қызметтердің атауы;

— нақты қызметтерді көрсету үшін қажетті сервистер және бизнес-процестердің сипаттамасы;

— қызмет көрсету мерзімі;

— жеке деректерді сақтау және өңдеу уақыты;

— жеке деректерді сақтау негіздемесі.

— Егер өтінім Қазақстан Республикасының қолданыстағы заңнамасына сәйкес келмесе, ол қайта қарауға жіберіледі. Сондай-ақ өтінім берген кезде, жеке деректерді жинауға, өңдеуге немесе оларды үшінші тұлғаға беруге субъектінің келісімін (не бас тартуын) алуды қамтитын сұрау жіберу тәсілдерінің бірі таңдалады, — делінген құжатта.

Ақпараттық жүйелер, ақпараттық-коммуникациялық технологиялар және ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкес келген жағдайда, сондай-ақ ақпараттық қауіпсіздік талаптарына сәйкестік сынақ хаттамалары болғанда келесі сұрау\жауап тәсілдері қолжетімді:

— «1414» бірыңғай байланыс орталығы арқылы сұрау/жауап, бұл тәсіл бастамашылар мен операторларға қолжетімді;

— бастамашы немесе оператор құралдарымен сұрау/жауап банктер немесе уәкілетті органмен келісімге келген бастамашылар мен операторларға, олардың ақпараттық жүйелері ақпараттық қауіпсіздіктің жедел орталығына ие болған жағдайда қолжетімді;

— проактивті қызмет көрсету аясында бастамашының құралдарымен сұрау/жауап, бұл тәсіл проактивті қызмет көрсететін бастамашыларға қолжетімді;

— хаттамалау режимінде сұрау/жауап;

— мемлекеттік сервиске сұрау/жауап SMS-хабарламалар арқылы «Мобильді үкімет» ақпараттық жүйесі арқылы жүзеге асырылады. Бұл тәсіл бастамашылар мен операторларға қолжетімді, мұнда сұрау бір реттік әріп-сандық немесе сандық код түріндегі SMS-хабарлама түрінде мемлекеттік сервиске жіберіледі, ал жауап дәл сондай форматтағы кодпен SMS-хабарлама түрінде ұсынылады.

— бастамашы мен оператор құралдарымен сұрау/жауап тәсілін таңдаған жағдайда мемлекеттік сервиспен интеграциялау өтініміне сынақ хаттамалары қоса берілуі тиіс.

Бұйрық 2025 жылғы 20 маусымнан бастап күшіне енеді.

Айта кетейік, елімізде жеке деректер жинайтын компаниялардан киберсақтандыру талап етіледі

Еске салайық, қазақстандықтар жеке деректері таратылса, өтемақы ала алады

Соңғы жаңалықтар