Қазақстанда жеке венчурлық капитал нарығын ынталандыру қалай жүреді

АСТАНА. ҚазАқпарат - Парламент Сенатының жалпы отырысында ҚР Инвестициялар және даму министрі Жеңіс Қасымбек венчурлық немесе тәуекелі жоғары қаржыландыру саласындағы мәселелерді атады, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Жеке венчурлық инвестицияларды тарту арқылы инновациялық және технологиялық бизнеске қолдау көрсету әлемде кең тараған. Оның көлемі ондаған миллиард АҚШ долларына жетеді. Мысалы АҚШ-та 52 млрд долларға жеткен. Ал Қытайда оның деңгейі 15,5 млрд, Еурапалық одақта - 10,6  млрд, Үндістанда - 5 млрд астам долларды, Канадада 1,4 млрд долларды құрады», - деп тоқталды Ж. Қасымбек венчурлік қаржыландыру мәселелері бойынша заң жобасын таныстыру барысында.

Оның сөзіне қарағанда, бүгінде Қазақстанда венчурлық қаржыландырудың нарығы дамымаған. Венчурлық немесе тәуекелі жоғары қаржыландырумен айналысатын еліміздің инвесторлары өз қаржыларын шетелдік жобаларға шетел құзыреттері арқылы бағыттайды. Сол жерлерде олар тиісті салықтық жеңілдіктер алып, венчурлық қаржыландыру бойынша шарттарды құрылымдау үшін шетелдік заңнаманы пайдаланады.

 Атап айтқанда, қолжетімді венчурлық инвестициялардың болмауы инновациялық қызметті елемізде тежеп келеді.

Министрлің сөзіне қарағанда, венчурлық нарықты қалыптастырудың бірнеше негізгі проблемасы байқалып отыр. Осы орайда, венчурлық қаржыландыру бойынша шарттардың ерекшелігі болып табылатын қажетті тетіктер мен келісім құрылымының заңнамада жоқтығы мәлесі бар. Екіншіден, венчурлық инвестициялар үшін салықтық және басқа да ынталандырушы тетіктердің жеткіліксіздігі байқалып отыр.

Министр заң жобасының екі негізгі блоктарының мазмұны туралы баяндап берді. Бірінші блок - венчурлық қорлар қызметінің құқықтық негізі. Біріншіден, Инвестициялық қорлар туралы Заңға түзетулер ескерілген. Бұл тұрғыда түзетулердің негізі жаңа түсініктемелер мен анықтамаларды енгізуге арналған.

Екіншіден, венчурлық қорлар формасының ерекшеліктері, олардың құқықтық ережесі, қызметі мен оларды басқару қарастырылады. Үшіншіден, келісімдердің жаңа формалары енгізіледі.

Екінші блок мемлекеттік қолдау шараларының құқықтық негізіне арналған. Осы бағытта бірқатар заңнамаға түзетулер қарастырылды.

 «Заң жобасын қабылдау арқылы жеке венчурлық капитал нарығын ынталандыру, цифрлы және басқа да инновациялық шешімдерді әзірлеушілердің өз экожүйелерін дамыту, нақты сектордың инновациялық белсенділігін арттыру, шетелдік инвестицияларды тарту, жаңа жұмыс орындарын ашу, зияткерлік ресурстар ағынын көбейту сияқты жұмыстарды атқарамыз. Ұсынылған заң жобасы отандық және шетелдік инвестицияларды инновациялық қызметке тартудың тағы бір маңызды қадамы»,-деп атап өтті министр.

Парламент Сенатының жалпы отырысындағы талқылаудан кейін, «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне тәуекелдік (венчурлік) қаржыландыру мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңы екі оқылымда қабылданды.

Соңғы жаңалықтар