Қазақстанда жекеменшік түрме болмайды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жекеменшік түрме болмайды. Бұл туралы бүгін ҚР Президенті жанындағы Орталық коммуникациялар қызметінде өткен брифингте ҚР ІІМ Қылмыстық атқару жүйесі комитеті төрағасының орынбасары Жанат Кешубаев мәлім етті.
None
None

«Бізде жекеменшік түрме болмайды. Біз мемлекеттік-жеке серіктестік аясында түрме салуды жоспарлаудамыз. Яғни, жеке инвесторлар құрылысқа инвестиция салады. Ал ішінде біз, мемлекеттік құрылымдар жұмыс істейді. Өйткені, жазаның орындалуы - бұл мемлекеттік жауапкершілік», - деді Ж.Кешубаев.

Оның атап өтуінше, қазіргі таңда Қарағандыда мемлекеттік-жеке серіктестік аясында түрме салу көзделген. Аталған нысанның техникалық-экономикалық негіздемесі дайын болып қалды. Енді мемлекеттік сараптамасын өту қажет.

«Біз шамамен 2015-2016 жылдары конкурстық құжаттамасын әзірлеуді жоспарлап отырмыз. Одан кейін Үкімет концессионерлерге конкурс өткізеді. Бұл халықаралық конкурс болмақ. Оған шетелдік инвесторлар да қатыса алады», - деді ол.

Соңғы жаңалықтар