Қазақстанда жел энергетикасының әлеуеті 920 миллиард кВт жылды құрайды

АСТАНА. КАЗИНФОРМ - Қазақстанда жел энергетикасының әлеуеті 920 миллиард кВт жылды құрайды. Соңғы бес жылда Қазақстанда 6 жел электр стансалары іске қосылды, ал 2015 жылға дейін жалпы қуаттылығы 56 мВт қуаттылығымен тағы 3 жел стансаларын пайдалануға беру жоспарланып отыр. Сонымен қатар, 53 мВт қуаты бар 3 күн электр стансасы мен 2 шағын ГЭС те іске қосылады.
None
None

Бүгінде елімізде барлық типтегі 76 электр стансасы биылғы 9 айда 67,79 миллиард кВтс энергия өндірді. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда бұл көрсеткіш 1,1 пайызға өсті. Бұдан бұрын хабарланғандай, ЭКСПО-2017» халықаралық көрмесіне орай, елорда төңірегіне 100 жел генераторы орнатылатын болады. ЭКСПО қалашығында Энергияны зерттеу орталығы құрылады. Ол экологиялық таза үш зауыттың басын біріктіреді. Аумағы 25 гектарды құрайтын ғимараттардың бірінің күмбезі астында қатты қалдықтарды, жауын және кәріз суларын, күн батареясынан электр энергиясын жинайтын зауыт орналасады. Қалдықтар жинау жүйесі 174 гектар аумақты қамтиды. Көрме павильондары мен тұрғын үй орамдары жанында қалдық жинайтын шамамен 240 қазандық орналастырылады. Ал жауын және кәріз суларын жинайтын жүйе тәулігіне шамамен 750 текше метрді суды жинақтайды. Бұл су тазаланып, техникалық су ретінде кәдеге жаратылады.

Соңғы жаңалықтар