Қазақстанда жел күшейіп, тұман түседі, жаңбыр жауады және шаңды дауыл көтеріледі

Қазгидрометтің хабарлауынша, Маңғыстау, Павлодар облыстарының кей жерлерінде желдің екпіні 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Күндіз Қызылорда облысында кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейіп, шаңды дауыл көтеріледі.
Оңтүстік Қазақстан облысында түнде кей жерлерде тұман түседі, күндіз кей жерлерде жел 15-20 м/с-қа дейін күшейеді.
Жамбыл облысында кей жерлерде тұман түседі.
Алматы, Атырау, Қарағанды, Шығыс Қазақстан облыстарында түнде және таңертең кей жерлерде тұман түседі.
Синоптиктердің ескертуінше, 15-16 қазан күндері Жамбыл, Алматы облыстарында кей жерлерде жауын-шашын түседі, түнде 15 қазанда таулы аудандарда жауын-шашын күшейе түседі, жаңбырдың соңғы жылбысқы қарға айналады. Ауаның температурасы түнде 2-7 градус жылылыққа дейін төмендейді, кей жерлерде 3 градусқа дейін суытады, күндіз 8-13, кей жерлерде 16 градусқа дейін жылы.
Сонымен бірге таяудағы тәуліктерде Қазақстанның оңтүстігі мен оңтүстік-шығысындағы кейбір өзендерде Батыс Алтайдың өзендерінде (Бұқтырма, Тұрғысын, Обь, Үлбі және басқалары) жауын-шашынға байланысты су деңгейі көтеріледі, Қазақстанның су нысандарында бірте-бірте су беті салқындай түседі.