Қазақстанда жеңгетайлықты кәсіп еткен ірі қылмыстық топ әшкереленді
АСТАНА. ҚазАқпарат - Көлік полициясының қызметкерлері 2012 жылдан 2015 жылға дейінгі кезеңде Астана мен Шымкент аумақтарында әрекет еткен ұйымдасқан қылмыстық топты анықтап, қолға түсірді.
ҚР ІІМ Көліктегі ІІД баспасөз қызметінің хабарлауынша, ұйымдасқан қылмыстық топтың серкесі 36 жастағы Шымкент қаласының тұрғыны болып шықты. Ол Қазақстанның оңтүстік өңірлері мен мен Өзбекстаннан жеңіл жүрісті қыздарды іздеп тауып, оларды өздері жалдаған пәтерлерге орналастырып, жезөкшелікпен айналысуларына жағдай жасаған, олардың қауіпсіздігін қамтамасыз еткен және қылмыстық істеірнен түскен қаражаттарды бөліп отырған.
ҰҚТ-қа екі негізгі қатысушы кірген және 11 басқа да көмекшілері ұйымдастырушының қылмыстық әрекеттерін жүзеге асыруға көмектескен.
Тергеу барысында жезөкшелердің бірі жалған аты-жөнімен Астананың перинатальдық орталықтарының бірінде босанған. Тергеу органдары баланың құқығын, арнайы мемлекеттік мекемеге орналастыру шараларын қолға алып, оны асырап алушыларға мүмкіндік жасаған, өйткені бұған дейін сәби анасының таныстарында заңсыз тұрған.
ҰҚТ ұйымдастырушының және оның сыбайластарының айыптары толық дәлелденді. Ол 7 жылдан астам мерзімге сотталды.
Басқа айыпты адамдар да әртүрлі мерзімдерге бас бостандықтарынан айырылды.
Үкім заңды күшіне енді.