«Жер сағаты» акциясына биыл еліміз бойынша 500-ден астам нысан қатысты

АСТАНА.KAZINFORM - Бүгін бүкіл ел бойынша «Жер Сағаты» халықаралық экологиялық акциясы өтіп жатыр. 2026 жылы акцияның тақырыбы елімізде экотуризмнің дамуы болып жарияланды, деп хабарлайды ҚР Экология министрлігінің баспасөз қызметі.

Жер сағаты
Фото: ҚР Экология министрлігі

Баспасөз қызметінің мәліметтеріне қарағанда, жергілікті уақыт бойынша сағат 20:30-да бүкіл елдегі үйлерде, кеңселерде және көшелерде ғимараттардың жарықтандыруы бір сағатқа сөнді.

жер сағаты
Фото: ҚР Экология министрлігі

Естеріңізге сала кетейік, «Жер сағаты» акциясы – Дүниежүзілік жабайы табиғат қорының (бұдан әрі-WWF) қамқорлығымен өткізілетін жыл сайынғы халықаралық оқиға. Акция барысында WWF планетаның болашағына бей-жай қарамай, жарық пен тұрмыстық электр құралдарын бір сағатқа өшіруге шақырады; сонымен бірге әлемдегі ең танымал ғимараттар мен ескерткіштердің жарықтары сөнеді.

жер сағаты
Фото: ҚР Экология министрлігі

Қазақстан бұл шараға 17-ші рет қосылып отыр және биылғы жылы шараға еліміз бойынша 500-ден астам нысан: Ақорда резиденциясы, «Бәйтерек» монументі, Тәуелсіздік сарайы, «Әзірет Сұлтан» мешіті, спорт нысандары, оқу орындары, өндірістік мекемелер және т.б. ғимараттар қосылды.

«Жер сағаты» - бұл планетадағы ең ірі экологиялық науқан. Оған дүние жүзінде 2 миллиардтан астам адам қатысады, 180 елдегі 7000 қаланың тұрғындары шараға қосылды. 2026 жылы «Жер сағаты» халықаралық акциясы 19-шы рет өткізілді.

жер сағаты
Фото: ҚР Экология министрлігі

 

Іс-шараның мақсаты - табиғат пен планета ресурстарына жауапкершілікпен қарау қажеттілігіне назар аудару.

Осыған дейін елордада өтетін Өңірлік экологиялық саммитінде Астана декларациясы қабылданғаны туралы жаздық.

Соңғы жаңалықтар