Қазақстанда Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы айқындалды

АСТАНА. KAZINFORM – Премьер-министр орынбасары — Жасанды интеллект және цифрлық даму министрінің 2025 жылғы 12 желтоқсандағы № 645/НҚ бұйрығымен Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы белгіленді.

планета Земля
Фото: freepik.com

— «Қазақстан ғарыш сапары» ұлттық компаниясы акционерлік қоғамы Жерді қашықтықтан зондтау ғарыш жүйесінің ұлттық операторы болып айқындалсын, — деп көрсетілген құжатта.

Сондай-ақ құжатқа сәйкес, Жасанды интеллект және цифрлық даму министрлігінің Аэроғарыш комитетіне бұйрықты белгіленген тәртіппен ресми жариялау және министрліктің интернет-ресурсында орналастыру тапсырылған.

Бұйрықтың орындалуын бақылау жетекшілік ететін вице-министрге жүктеледі.

Құжат қол қойылған күнінен бастап күшіне енеді және ресми жариялануға жатады.

Бұған дейін еуродепутат Қазақстанмен ғарыш саласында ынтымақтастық орнатуды ұсынған еді.

Соңғы жаңалықтар