13:09, 01 Қыркүйек 2015 | GMT +5
Қазақстанда жергiлiктi полиция 2016 жылдың 1 қаңтарынан жұмысын бастайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016 жылдың 1 қаңтарынан бастап Қазақстанда жергiлiктi полиция жұмысын бастайды. Iшкi iстер министрлiгi әзiрлеген заң жобасы бүгiн бесiншi сессияда жұмысын бастаған Парламенттiң қарауына жақын күндерi енгiзiледi. Бұл туралы Орталық коммуникациялар қызметiнде өткен брифинг барысында ҚР Iшкi iстер министрлiгi Әкiмшiлiк полиция комитетiнiң төрағасы Игорь Лепеха мәлiм еттi.

"Бүгiн Парламент бесiншi сессиядағы жұмысын бастайды. Заң жобасына сәйкес, жергiлiктi полиция қызметiнiң құрамына учаскелiк инспекторлар, жол-патрульдiк полиция, ювеналды полиция, табиғатты қорғау полициясы, сондай-ақ әйелдердi зорлық-зомбылықтан қорғау, өтiнiштердi қабылдау бөлiнiстерi кiредi", - деп хабарлады ол.
Сондай-ақ, заң жобасына сәйкес, жергiлiктi полиция әкiмдiк пен мәслихат алдында жылына кем дегенде екi рет, халық алдында бiр рет есеп беруге мiндеттеледi.