Қазақстанда жыл басынан бері 266 минимаркет пен 90 супермаркет ашылды

АСТАНА. KAZINFORM – 2025 жылдың қаңтар-қыркүйек айлары аралығында Қазақстанда жалпы ауданы 43 мың шаршы метр болатын 266 минимаркет пайдалануға берілді, деп хабарлайды Ұлттық статистика бюросы.

Что нужно знать о своих правах в супермаркете — Минторговли РК
Фото: freepik

Ашылған нысандардың жалпы құны 16,1 миллиард теңгені құрады. Минимаркеттердің ең көп саны Түркістан облысында (35 нысан) және Атырау облысында (32 нысан) тіркелді.

Сонымен қатар аталған кезеңде ел бойынша жалпы ауданы 63,7 мың шаршы метр болатын 90 супермаркет пайдалануға берілді. Олардың жалпы құны 34,5 миллиард теңгеге жетті.

- Супермаркеттердің басым бөлігі Шымкент қаласында (31 нысан) және Жамбыл облысында (19 нысан) ашылған, - деп жазды ведомстводан.

Мамандардың айтуынша, сауда инфрақұрылымының қарқынды дамуы өңірлердегі шағын және орта бизнестің белсенділігін арттыруға, сондай-ақ тұрғындарға қолайлы сауда форматтарын ұсынуға мүмкіндік беріп отыр.

Айта кетейік, Сауда министрлігі әлеуметтік маңызы бар азық-түлік бағасын бақылауды күшейтеді.

Соңғы жаңалықтар