Қазақстанда жиналған автомобильдерді Моңғолияға экспорттау мәселесі ШҚО әкімінің Ұлан -Батырға жасаған сапары барысында талқыланды (ФОТО)

БЕЙЖІҢ-ҰЛАН - БАТЫР. ҚазАқпарат - 14-15 наурызда ШҚО әкімі Даниал Ахметов жұмыс сапарымен Ұлан - Батырда болды.
None
None

Сапар аясында Д.Ахметов Моңғолияның вице-премьер-министрі Цэрэндаш Оюунбаатормен, сонымен қатар Моңғолияның батыс аймақтарының Ховд және Баян-Өлгей губернаторларымен кездесті.

Тараптар екі елдің транзиттік-көліктік әлеуетін кеңейту, сауда-экономикалық қатынастарды тереңдету, Қазақстан мен Моңғолияның шекаралас аймақтары арасындағы сауда-экономикалық, сондай-ақ мәдени-гуманитарлық байланыстарды дамыту мәселелерін талқылады.

Моңғол тарапына Қазақстанда жасалған автокөліктерді сату мен оларға қызмет көрсету орталықтарын құру туралы ұсыныс жасалды. Соның ішінде «БИПЭК АВТО-АЗИЯ АВТО» холдингінің өнімін Моңғолия нарығына жеткізу мәселесі қаралды.
Келіссөздер нәтижесінде қарастырылған мәселелерді жүзеге асыру мақсатында бірлескен жұмысшы тобын құру туралы уағдаластыққа қол жеткізілді.

Атап өту керек, ШҚО әкімі Даниал Ахметов осыған дейін мұндай келіссөздерді Әзербайжан Премьер-министрі Артур Раси-Задемен, Қырғыз Республикасының Премьер-министрінің орынбасары Олег Панкратов және Тәжікстан Премьер-министрінің орынбасары Азим Ибрахиммен жүргізді.

null

Соңғы жаңалықтар