Қазақстанда жол апатынан қаза табатындар саны 18 пайызға азайды
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жол апатынан қаза табатындар саны 18 пайызға азайды. Бұл жайында ҚР ІІМ Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Ішкі істер министрлігінің жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз ету бойынша қабылдаған шараларының арқасында жол-көлік оқиғалары 6 пайызға төмендеді. Нәтижесінде қаза тапқандар саны 18, ал жарақат алғандар 5 пайызға қысқарды», - деді Алмас Садубаев.
Оның айтуынша, ағымдағы жылдың басынан бері еліміздің жолдарында 12 мыңнан астам жол-көлік оқиғасы орын алған.
«Жол-көлік оқиғаларының негізгі себептерінің бірі - жылдамдықты асыру», - деді ол.