Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны 27 пайызға қысқарды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында жол-көлік апатынан қаза тапқандар саны 27 пайызға қысқарды. Бұл жайында ҚР Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Сәдубаев өзінің Фейсбуктағы парақшасында жазды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.

Қазақстанда жол апатынан қаза тапқандар саны 27 пайызға қысқарды

Оның жазуынша, Ішкі істер министрлігі қабылдаған кешенді, оның ішінде заңнамалық та шараларының  арқасында  бүгінгі күні еліміздің жолдарындағы ахуал айтарлықтай жақсара түскен.

«Үстіміздегі жылдың бірінші тоқсанында еліміздің жолдарындағы жол-көл апаттарынан қаза тапқандардың саны өткен жылдың 3 айы көрсеткіштерімен салыстырғанда 27 пайызға (405-тен 295-ке) қысқарды. Жол-көлік апатынан жарақат алған азаматтардың да саны 10 пайыздан (4652-ден 4 166-ға) астамға  дейін кеміді»,-  деп жазды Алмас Сәдубаев.

Оның атап өтуінше, 2007 жылдан бері еліміздің жолдарындағы өлім-жітім 10 жылдың ішінде шамамен 2 есеге азайған.