Қазақстанда жол ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұлдар төмендетілмейді - ҚР ІІМ

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жол ережелерін бұзушыларға салынатын айыппұлдар көлемін төмендету жоспарланып отырған жоқ.
None
None

Бұл туралы бүгін ҚР Ішкі істер министрінің орынбасары Ерлан Тұрғымбаев мәлім етті.

«Айыппұлдарға келетін болсақ, олардың көлемін азайту көзделіп отырған жоқ. «Жолда жүру ережелері туралы» заң былтыр ғана қабылданды», - деді ҚР ІІМ министрінің орынбасары.

Еске сала кетейік, бұның алдында ҚР Бас прокуратурасы ЖЖЕ бұзушыларға салынатын айыппұлдардың көлемін азайту жөнінде ұсыныспен шыққан болатын. Прокуратура органдарының ойынша, айыппұлдардың өсуі жол ережелерін бұзу фактілерін азайтпайды.

Соңғы жаңалықтар