Қазақстанда «Жол жүрісі қауіпсіздігінің аптасы» басталды

Бұл туралы Қазақстан Республикасы ІІМ Әкімшілік полиция комитетінің баспасөз қызметінен хабарлады.
Аптаның негізгі мақсаты - жолдардағы апаттылық деңгейін төмендету, автомотокөлікпен байланысты құқық бұзушылықтардың алдын алу. Іс-шара жаһандық сипатқа ие және Қазақстанда жыл сайын осымен 3-ші жыл өткізілуде.
Қауіпсіздік аптасын өткізу барысында әртүрлі мақсатты аудиториялар арасында жолдарда заң сыйлаушылық мінез-құлықты қалыптастыруға бағытталған жаңа акция күн сайын өткізілетін болады.
Осылайша, бүгін елеміздің барлық өңірлерінде «Қараңғыда айқын бол» акциясы өткізілуде, оның мақсаты - балалардың жарықты қайтаратын элементтерді (фликерлер) пайдалануы қажеттілігіне ересектердің назарын аудару. Мектепке дейінгі балалар мекемелерінде жолда жүрген кезде жаяу жүргіншілердің жеке қауіпсіздігінің құралы ретінде жарықты қайтаратын элементтерді киюді кеңінен таратуға бағытталған «Қамқор ана» байқауы өткізіледі. Байқау шарттарына сәйкес, аналар өз балалары үшін жарықты қайтаратын элементтерімен сәнделген киімді ұсынуы тиіс.
«Күн қысқарып, күз-қыс кезеңі басталғанда жаяу жүргіншілер автомобиль жүргізушілеріне нашар көрінеді. Сондай-ақ, қара киім жаяу жүргіншіні тәуліктің қараңғы уақытында су жолда көрінбейтін етеді. Дәл осы уақытта жаяу жүргіншілердің қатысуымен ЖКО өсуі тіркеледі, ал жарықты қайтаратын элементтерді қолдану тәуліктің қараңғы уақытында автомобильдің жаяу жүргіншіні басып кету қаупін 85% төмендетеді.
Апта барысында бірқатар басқа профилактикалық іс-шаралар жоспарланған: жол қауіпсіздігі тақырыбына әлеуметтік жарнама бойынша жастар мен студенттер арасында шығармашылық жұмыстар байқауы, үздік автомектебі, автожүргізушілер арасында қысылтаяң жағдайларда шебер айдау бойынша байқаулар, «Жүргізуші, менің өмірімді сақта!» акциясы және басқалар.
Қауіпсіздік аптасы жексенбіде 17 қарашада - ЖКО құрбандарын бүкіләлемдік еске алу күнінде аяқталады.