Қазақстанда жолаушылар пойыздарының қозғалыс кестесіне өзгерістер енгізілді

АСТАНА. ҚазАқпарат - 2016-2017 жылғы пойыз қозғалысының жаңа кестесі құрылуына орай желтоқсанның 11-нен бастап пойыздардың кестесі мен реттік санына өзгерістер енгізілді, деп хабарлайды «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ баспасөз қызметі.
None
None

Оның ішінде «Петропавл-Алматы», «Атырау-Астана», «Атырау-Алматы», «Маңғышлақ-Астана», «Алматы-1-Қостанай», «Қызылорда-Көкшетау», «Астана-Орал» және басқа да тікелей және кері бағыттағы пойыздар бар.

Оған қоса, 2016 жылғы желтоқсанның 11-інен бастап бірқатар пойыздардың нөмірі өзгерді:

- «Алматы-2-Астана» №1/2 -ден №701/702-ге;

- «Алматы-2-Петропавл» №701-702-ден №705/706-ға;

- «Астана -Шымкент» №79/80 пойызы  №707/708 болып өзгерді.

Есте сақтау қажет ақпараттың бірі №3/4 «Алматы-2-Астана» (2016 жылғы желтоқсанның 11-інен бастап) №11/12 «Алматы- 2-Шымкент» пойызы (2017 жылғы 1 қаңтардан бастап) отандық «Тұлпар-Тальго» зауытынан шыққан жаңа модельді вагондармен қамтылады.

Жолаушылардың сұранысын ескере келіп, Астана мен Алматы бағдарына тәулігіне үш жүрдек пойызы (№3/4, №701/702, №705/706) соңғы үлгідегі «Тұлпар-Тальго» вагондарымен қатынайды.  

«ҚТЖ» ҰК» АҚ жолаушыларға сапарға шығарда пойыздардың жүру кестестін анықтап алуы керектігін ескеертеді. Ол үшін вокзалдың анықтама бюросындағы 105 бірыңғай анықтама қызметі телефонына хабарласуға болады.

 

Соңғы жаңалықтар