Қазақстанда жолдар пилотсыз көліктерге бейімделіп жатыр

АСТАНА. KAZINFORM — Көлік министрі Нұрлан Сауранбаев Үкімет отырысында жолдардың цифрлық паспортын жасау не үшін қажет болғанын айтты.

Нурлан Сауранбаев
Фото: Үкімет

— «e-Joldar» платформасының аясында жолдардың цифрлық паспорттары жасалып жатыр. Бұл келешекте пилотсыз көлік құралдарын енгізуге мүмкіндік береді, — деді ол.

Министр жыл сайын ЖИ көмегімен жолға диагностика жасау тәжірибесі кең етек жайып келе жатқанын айтты.

— Жол төсемін сақтау үшін 220 автоматтандырылған өлшеу станциясы орнатылады. Қазір оның 71-і іске қосылған, — деді Нұрлан Сауранбаев.

Бұған дейін 2026 жылы елімізде пилотсыз такси қызметі іске қосылатынын жазған едік. 

Сонымен қатар Қазақстан арқылы өткен жүк транзиті 29 млн тоннадан асқаны белгілі болды.

Соңғы жаңалықтар