Қазақстанда жолдың күтіп-ұсталуын ұлттық оператор бақылап отырады

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда жолдың күтіп-ұсталуын ұлттық оператор бақылап отырады, деп хабарлады ҚР Инвестициялар және даму министрлігінің баспасөз қызметі.
None
None

Еске сала кетейік, Елбасы «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне жол-көлік инфрақұрылымын, көліктік логистикасын және авиатасымалын дамыту мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» Заңға қол қойды. Заң бес институционалдық реформаны жүзеге асыру бойынша 100 нақты қадам - Ұлт жоспарының 5 қадамын жүзеге асыру мақсатында түзетілді.

2013 жылы автожол саласында реформа жүргізіліп, нәтижесінде автомобиль жолдарын басқару бойынша Ұлттық оператор құрылды.

Бюджет кодексіне және автомобиль жолдары туралы Заңға түзетулерді енгізу Ұлттық операторға мемлекеттік кепілдік алуы үшін, мемлекеттік емес займдардың қаражаттарын тартуға, нәтижесінде инвесторлардың қаражаттары есебінен жолдарды салу және ақылы жүйені енгізуге, автожолдарды күтіп-ұстау мен жол бойындағы сервистерді дамыту бойынша функцияларды беруге, мемлекеттің материалдық-ресурстарын оңтайландыруды және жолдарды дамытып, жай-күйі мен қауіпсіздігіне, Ұлттық операторға салынған инвестицияларды ақылы жолдардың алымдары есебінен өтеуге мүмкіндік береді.

Заң жобасының шеңберінде «Қазақстан Республикасындағы көлік туралы» Заңына уәкілетті органмен бірыңғай көліктік құжатты бекіту ұсынылады.

Бұдан басқа, аралас тасымалдауды тиімді жүзеге асыру үшін заңнамалық деңгейде тасымалдың аталмыш түрін ұйымдастыратын аралас тасымалдар операторы анықталады. Сонымен қатар клиент, тасымалдаушы мен аралас тасымалдар операторының өзара қатынасын реттеу көзделген.

Аралас тасымалдар операторының функцияларын кез келген жүктің сақталуы және мерзімінде жеткізілуі бойынша жауапкершілікті мойнына алатын заңды және жеке тұлғалар, сонымен қатар экспедиторлар атқара алады.

Сонымен қатар, контейнерлік тасымалды дамыту мақсатында магистралды теміржол желілерінің қызметін табиғи монополияларға жатқызу бойынша көзқарастарды қайта қарастыру ұсынылады.

Азаматтық авиация саласында аталған Заң жобасында «авиациялық хаб» ұғымы және авиациялық хабтың аэровокзалына қойылатын талаптар бойынша түзетулер енгізілу қарастырылған.

Әуе тасымалдарының әлеуетін толық пайдалану мақсатында жүктерді тасымалдау кезінде электрондық құжат айналымын енгізу, сондай-ақ жүктердің авиациялық транзиті бойынша бірыңғай талаптар мен технологиялық рәсімдерді бекіту үшін Қазақстан Республикасының заңнамасына бірқатар өзгерістер енгізіледі, бұл жүктерді өңдеу жылдамдығын 10 күннен 4 сағатқа дейін қысқартуға мүмкіндік береді.

2017 жылдан бастап әуе тасымалдары бойынша тарифтерді реттеу жөніндегі функцияны салалық уәкілетті органға (АА Комитетіне) беру, сондай-ақ Азаматтық авиация комитетінің қызметін Британдық азаматтық авиация агенттігінің моделіне бағыттау жолымен авиацияны мемлекеттік реттеу тиімділігін арттыру жоспарланып отыр.

Соңғы жаңалықтар