Қазақстанда жойылып кеткен құландардың саны қалай көбейіп келеді
2009 жылы Алматы және Мюнхен зообақтары мен Алтынемел ұлттық табиғи паркі арасында құлан популяциясын таралу ареалында қалпына келтіру үшін арнайы келісімге қол қойылған болатын.
«2018 жылы зообақ пен қорық арасында тағы қосымша келісімшарт жасалды. 11-12 желтоқсанда зообаққа қорықтан бірнеше құлан жеткізілді. Олардың ішінде аздап қолға үйретілгені және жабайысы да бар. Бұл жануарлармен алматылықтар да жақынырақ танысты», - деді баспасөз қызметінен.
Барлығы Мюнхен зообағынан Алматыға 10 жыл бұрын 7-8 құлан әкелінген болатын.
Олар шамамен бір жылдай зообақта жергілікті жерге бейімделу процесінен өтіп, қалпына келді. Жануарлар алғашқы төлдерін бере бастады. 2010-2016 жылдар арасында құландардың табыны едәуір өскен.
Жерсіндіру процесінен соң жылқылар Алтынемел қорығына жіберілді.
2018 жылдың желтоқсан айында қорықтан зообаққа кезінде Мюнхен асып келген құландардың өсіп кеткен 3-4 төлі қайтадан жеткізілді.
«Бұл осы арада жүздеген жыл бұрын мекендеген жануар туралы адамдар білсе деген ниетпен жасалады. Бұл Қазақстан жерінде жойылып кеткен жануарды қайта қайтаруға қажетті «материал» десек те болады. 2019 жылы да Алматы зообағына бірнеше құлан жеткізілуі тиіс», - деді зообақтың баспасөз қызметінен.