Қазақстанда жүлде қоры 25 млн. теңгені құрайтын «Startup «Bolashak» стартап жобалар байқауы басталды

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда «Startup «Bolashak» стартап-жобалар байқауы басталды. Бұл туралы бүгін ОКҚ баспасөз мәслихатында «Болашақ» қауымдастығы кеңесінің төрағасы Қуандық Бішімбаев айтты. 
None
None

«Біз «Startup «Bolashak» жобасын іске қосамыз. Өздеріңіз білесіздер, кәсіпкерлікті, оның ішінде жастар кәсіпкерлігін жан-жақты қолдау бастамасын ең алғаш Мемлекет басшысы көтерген және бұл мәселеге өте үлкен назар аударылады», - Қ.Бішімбаев.

Оның айтуынша, бұл инновациялық жобалар конкурсына тек «Болашақ» бағдарламасының түлектері ғана емес, 18-29 жас аралығындағы барлық қазақстандықтар қатыса алады. Дегенмен, ол «Болашақ» қауымдастығы базасында ұйымдастырылады.

Айта кетейік, байқау аясында қауымдастықтың 3 грантын беру жоспарланған. Бірінші орын иеленген жоба авторы - 7 млн. теңгеге, екінші орын иегері - 5 млн. теңгеге, ал үшінші орын жүлдегері - 3 млн. теңгеге ие болады. Сонымен қатар 10 млн. теңгелік жеке сыйлықты «BI Group» компаниясы ұсынып отыр.

Сондай-ақ конкурста жақсы нәтиже көрсеткен қатысушылар инвесторлар тарапынан қаржылай көмек алуға, «Даму» кәсіпкерлікті қолдау қоры арқылы арзан пайызбен несие рәсімдеуге және Ұлттық техникалық даму агенттігі тарапынан инновациялық грантқа ие болуға мүмкіндік алады.

Соңғы жаңалықтар