Қазақстанда жұмыс іздестіру жеңілдейді

АСТАНА. ҚазАқпарат - ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Біржан Нұрымбетов Қазақстанда жұмыс іздеуді жеңілдететін Электрондық еңбек биржасы туралы айтып берді, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
None
None

«Елбасының тапсырмасына сәйкес, еңбек нарығындағы бірыңғай ақпараттық базаны - Электрондық еңбек биржасын құрып жатырмыз. Заң жобасында аталған интернет-ресурс көрсетілген. Бұл электрондық биржа қолжетімді әрі тегін портал болады. Осында жұмыспен қамтуға қатысты барлық ақпарат шоғырланады. Бос жұмыс орындары туралы мәлімет жұмыспен қамту орталығында сақталып келсе, енді бұл ақпарат еркін интернет кеңістігіне шығарылады. Мысалы, жұмыспен қамту орталықтарына хабарласпайтын адамдар аз емес. Осы орайда келуге мүмкіндігі жоқ немесе баруға ниетті емес адамдар баршылық. Олардың барлығы енді Электрондық еңбек биржасында бүкіл қажетті мәліметке қол жеткізе алады»,-деп түсіндірді Біржан Нұрымбетов Парламент Мәжілісінде «Қазақстан Республикасының кейбір заңнамалық актілеріне халықтың жұмыспен қамтылуы және көші-қон мәселелері бойынша өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы» заң жобасын таныстыру барысында.

Осы орайда ол аталған порталда көптеген қызметтер, барлық құқықтық-нормативтік актілер туралы, түсіндірмелер, барша сараптама, жұмыспен қамту бағдарламаларының тетіктері, еңбек нарығында сұранысқа ие мамандықтар жайында толық мәлімет қатылмақ. Әркімнің жеке электронды кабинеттері болады.

«Зманауи талапқа сай үлкен Электрондық еңбек биржасын құрып жатырмыз. Осы бастама біздің жалпы жұмысқа орналастыру инфрақұрылымын едәуір кеңейтіп, жұмыс табу мүмкіндіктерін кеңейтеді деп сенеміз»,- деді вице-министр.

Соңғы жаңалықтар