Қазақстанда жүрген Түркия азаматтары қудалауға ұшыраған емес - ҚР ІІМ
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстан аумағында түрлі себептермен жүрген Түркия азаматтары ішкі істер органдары тарабынан қудалауға ұшыраған емес. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігі Мемлекеттік тіл және ақпарат департаментінің директоры Алмас Садубаев айтты, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
«Соңғы уақытта ақпарат кеңістігінде Қазақстанда жүрген Түркия азаматтарының проблемасы туралы жарияланымдар жарық көруде. Әлеуметтік желі қолданушылары олардың құқық қорғау органдары тарабынан қудалауға ұшырағандығы жайында да жиі атап өтуде. Елімізде шетелдіктердің келуіне қатысты барлық мәселелер құқық алаң аясында қарастырылатындығын атап өткім келеді. Қазіргі уақытта Түркиямен 30 күнге дейін визасыз болу режімі қолданыста», - деді ол.
Осы орайда Алмас Садубаев бүкіл әлемдегідей Қазақстан визасы қолданыстағы төлқұжат болғанда ғана ұзартылатындығын атап өтті.
«Қазақстанда тұрақты тұратын шетелдік мәртебесін, сондай-ақ азаматтықты алу үшін ол азаматы болып саналатын елдің жазбаша келісімі және сол елден сотталмағандығы туралы құжаты қажет. Бұған қоса, Түркия азаматтары босқын мәртебесін алу үшін қолдаухат та бере алады. Қазіргі уақытта Қазақстанда Түркияның 24 мыңнан астам азаматты тұрақты тұрып жатыр», - деді департамент басшысы.