Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ

НҰР-СҰЛТАН. ҚазАқпарат – Жыл басынан бері еліміздің аумағында 6484 қылмыс тіркелді. Бұл туралы ҚР Ішкі істер министрлігінің ресми өкілі Нұрділдә Ораз мәлім етті, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.

Қазақстанда жыл басынан бері 6 мыңнан астам қылмыс тіркелді - ІІМ

«Жыл басынан бері 6484 қылмыс жасалды, оның 4321-і тәулік ішінде ашылды. Полиция қызметкерлері ізін суытпай 35 кісі өлтіру қылмысын, 12 өлімге әкеп соққан денсаулыққа қасақана зиян келтіруді, 42 тонауды, 977 бөтен мүлікті ұрлау қылмыстарын ашты», – деді ресми өкіл министрлікте өткен онлайн брифингте.