Қазақстанда жылдық тауар айналымының 47 пайызы базарларда жүзеге асырылады - М. Құсайынов

АЛМАТЫ. ҚазАқпарат - Қазақстанда қосымша құн салығын сатудан алынатын салыққа ауыстыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр. Бұл туралы бүгін Алматыда салық салудың өзекті мәселелеріне арналған Республикалық конференция барысында ҚР Ұлттық экономика министінің бірінші орынбасары Марат Құсайынов мәлім етті.
None
None

«Кәсіпкерлер тарапынан кей жағдайда қосымша құн салығын мемлекеттік бюджеттен заңсыз қайтарып алу бойынша алаяқтық тәсілдер қолданылатыны жасырын емес. Бұл бюджет қаржысын азайтуға әкеп соғады. Оның үстіне осы салыққа қатысты көптеген жеңілдіктердің себебінен Қосымша құн салығы кейде айналымнан алынатын салыққа айналып кетеді. Сол себепті, қазір арнайы Жұмыс тобы оны басқаруды жетілдіру немесе тіпті, Сатудан алынатын салыққа ауыстыру мәселесін талқылап жатыр.

Сатудан алынатын салық бойынша тауар тұтынушыға нақты сатылған кезде барып оған салық салынады. Бұл әрине, отандық өндірушілердің бәсекеге қабілеттілігін арттырады деп ойлаймыз. Бірақ, мұның қиындығы сол, мұндай салық салу әлі жөнді әкімшіленбеген бөлшек сауда деңгейінде жүзеге асырылады. Бізде шынында да тауар айналымында базарлық сауда-саттықтың үлесі жоғары. Мысалы, Қазақстанда жылдық тауар айналымының жартысына жуығы, яғни 47 пайызы базарларда жүзеге асырылады. Ал бізде жылдық тауар айналымының көлемі шамамен 6 млрд. теңгені құрайды. Оның үстіне, елімізде туарлардың салық төленбеген көлеңкелі айналымы 19 пайызға тең. Сондықтан, әзірге Қосымша құн салығын Сатудан алынатын салыққа ауыстыру мәселесі ашық күйінде қалып отыр», - деді М. Құсайынов.

Соңғы жаңалықтар