Қазақстандағы ең төменгі зейнетақы мөлшері аталды – Еңбек министрлігі

АСТАНА. KAZINFORM – ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Виктория Шегай Үкіметтегі брифингте елдегі ең төменгі зейнетақы мөлшерін жария етті, деп хабарлайды Kazinform агенттігінің тілшісі.

зейнетақы, жәрдемақы, төлемақы
Коллаж: Canva

— Елімізде зейнатақы жинағы 1998 жылдан басталады. Сол жылдан бері еңбек өтілі бар және кемі 25 жыл өтілі бар ер адамдарға, сондай-ақ кемі 20 жыл еңбек өтілі бар әйел адамдарға ең төменгі зейнетақы мөлшері 62,7 мың теңгені құрайды. Ал егер біз ең төменгі базалық зейнетақы туралы айтсақ – ол барлық азаматтарға, соның ішінде еңбек өтілі жоқ адамдарға да бірдей. Оның мөлшері ең төменгі күнкөріс деңгейінің 70 пайызына тең немесе 32,3 мың теңге», – деді вице-министр. 

Ол Қазақстанда көпдеңгейлі зейнетақы жүйесі қалыптасқанын, ал республикалық бюджеттен төленетін зейнетақы төлемдері жиынтық зейнетақының бір ғана бөлігі екенін атап өтті.

— Сондықтан зейнетақының мөлшеріне келсек, ол әрқашан адамның зейнетке шыққанға дейінгі еңбек табысына байланысты болады, – деді Виктория Шегай.

Айта кетейік, бұған дейін кейбір қазақстандықтар үшін зейнетақы төлемінің жаңа тәртібі енгізілетіні жайлы жазған едік.

Соңғы жаңалықтар