Қазақстандағы ең ұзын көшені жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын

АСТАНА. KAZINFORM – Жетісу облысындағы Текелі қаласында Қазақстандағы ең ұзын Дінмұхамед Қонаев көшесіне күрделі жөндеу жұмыстары аяқталуға жақын, деп хабарлайды Kazinform тілшісі.

Завершается ремонт самой длинной улицы в Казахстане
Фото: Жеңіс Ысқабай

Соңғы үш жылда қалада төрт негізгі инфрақұрылым мәселесі шешілді.

Атап айтқанда, қазіргі таңда Қонаев көшесінің 6 шақырымына күрделі және тағы 12 шақырымына орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп жатыр. Жұмыстарды аяқтау ағымдағы жылдың қараша айына жоспарланған. Бұдан басқа, тасжол жыл соңына дейін көшелерді жарықтандырумен толық қамтамасыз етіледі. 

- Жұмыстың сапалы жүргізіліп жатқанын айта аламын. Соның нәтижесінде Текелідегі жақсы және қанағаттанарлық жағдайдағы жолдардың үлесі 93 пайызға дейін артады, – деп атап өтті аймақ басшысы Бейбіт Исабаев.

Завершается ремонт самой длинной улицы в Казахстане
Фото: Жеңіс Ысқабай

Сонымен қатар, басқа да маңызды міндеттер шешіліп жатыр: қалаға табиғи газ өткізілді, бүгінде 28 мыңға жуық тұрғын, яғни халықтың 92 пайызы көгілдір отынға қол жеткізді.

Сондай-ақ, Текелі қаласында жыл соңына дейін апатты жағдайдағы 212 пәтер иелерін қоныстандыруды аяқтау жоспарланып отыр. Сондай-ақ ауыз судың сапасын жақсарту үшін магистральдық су құбырын жаңарту жұмыстары жалғасып жатыр, деп хабарлады облыс әкімінің баспасөз қызметі.

Биыл Текелі қаласындағы жол жөндеу жұмыстары аясында қала көшелерінің 19 шақырымын қалпына келтіруге қаржы бөлінді. Атап айтқанда, Әуезов көшесінде – орталық саябақтан дене шынықтыру-сауықтыру кешеніне дейінгі учаскеде орташа жөндеу жұмыстары жүргізіліп үлгерді.

Айта кетейік, жасанды интеллект жол сапасын бақылайды.

Соңғы жаңалықтар