Қазақстандағы KIA зауыты жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды қолдайды

АСТАНА. KAZINFORM – KIA зауыты – еліміздегі жаңа әрі жоғары технологиялық кәсіпорындардың бірі. Өндірістік алаң 2025 жылдың қазан айында ірі инвестициялар мен елде жүргізіліп жатқан экономикалық реформалардың қолдауының арқасында іске қосылды.

Қазақстандағы KIA зауыты жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды қолдайды
Фото: KIA зауыты

Кәсіпорынның жобалық қуаты жылына 70 мыңға дейін автокөлік шығаруға мүмкіндік береді. Қазіргі таңда зауыт қарқынды дамып келеді, ұжым қатары жас мамандармен толығуда. Өндіріс толық жобалық қуатына шыққан кезде мұнда 1 500 адамға дейін жұмыс істейтін болады.

зауыт
Фото: KIA зауыты

Бұл – технологиялық үдерісте 70 өнеркәсіптік робот қолданылатын, еліміздегі ең роботтандырылған автозауыттардың бірі саналатын заманауи өндіріс орны.

Ұжым үшін жаңа Конституция жобасында еңбек қауіпсіздігіне, әділ еңбекақыға және қызметкерлердің құқықтарын күшейтілген қорғауға кепілдіктердің бекітілуі айрықша маңызды.

KIA зауытының қызметкерлері
Фото: KIA зауыты

– Біз жаңа Конституцияны қабылдау жөніндегі референдумды қолдаймыз, өйткені мықты экономика адам еңбегіне деген құрметтен басталады деп сенеміз, - дейді кәсіпорын ұжымы.

Заманауи өндіріс пен қорғалған еңбек – экономикалық өсім мен ертеңгі күнге деген сенімнің берік негізі.

Соңғы жаңалықтар
Референдум