Қазақстандағы жол апаттарының негізгі себептерінің бірі аталды

АСТАНА.KAZINFORM – Энергетикалық сусындар Қазақстандағы жол апаттарының негізгі себептерінің бірі саналып отыр. Терапевт Нәдір Нарзулланың айтуынша, ұйқысы қанбаған жүргізушілер энергетикалық сусын ішіп, сергек болуға тырысады. 

Жол апаты
Коллаж: Kazinform

Дәрігерлер қалааралық бағыттарда көп жүретін жүргізушілер арасындағы жол-көлік оқиғаларының көбеюіне энергетикалық сусындар да әсер етіп отырғанын ерекше атап өтті. 

– Көбісі назар аудармайды, бірақ энергетикалық сусындар шығаратын компаниялар сусынның «жүйке жүйесі қозған адамдарға» қарсы көрсеткіші бар екенін ескертеді. Жүйке жүйесі қозған адамдарға кімді жатқызамыз? Бұл неврологияға сәйкес ұйқысы қанбайтын адамдар. Біздің елімізде ұйқысы қанбаған такси жүргізушілері энергетикалық сусын ішіп, жолға шыға беретінін жақсы білеміз. Сусынның құрамындағы L-карнитин мен кофеин жүйке жүйесінің жұмысын әлсіретеді. Жүргізуші сергек, сөйлесе алады, бірақ өзін-өзі басқара алмайтын күйде болады. Адам мұны сезбеуі мүмкін, іс жүзінде ол өзін басқара алмайды, - деп атап өтті маман. 

Сондай-ақ апаттардың жиі болуына көптеген фактор, соның ішінде тозығы жеткен көліктер, нашар инфрақұрылым және жүргізушілердің энергетикалық сусындарды пайдалануы себеп болады. Инфрақұрылымды модернизациялау және ережелерді қатайту шараларына қарамастан, мамандар жол қозғалысы қауіпсіздігі үшін жүргізушілер жеке жауапкершілігін түсінбейінше, айтарлықтай өзгерістер болмайтынын айтады. 

Соңғы жаңалықтар