Қазақстандағы астық жағдайы, майлы және жарма дақылдары нарығындағы жағдай туралы

АСТАНА. 3 қараша. ҚазАқпарат - Ағымдағы жылғы 1 қараша күнгі жағдай бойынша Қазақстанда жиналған астық мөлшері 13,9 млн. тонна астықты құраған, бұл алдыңғы қорды есептегенде елдегі ішкі нарық қажеттілігін толықтай қамтамасыз етуге және 7-8 млн тонна көлемдегі экспорт жағдайын сақтап қалуға мүмкіндік береді.
None
None

Астық нарығын реттеу мен «Азық-түлік келісімшарт корпорациясы» АҚ-ның ұн, нан және макарон өнімдері бағасын тұрақтандыру үшін азық-түлік бидайының қажетті қоры құрылып, Үкімет тарапынан тағы қосымша 970 мың тонна астық сатып алынуда.

Қазіргі таңда майлы дақылдар егілген аумақтың 88 пайызы жиналды. Сонымен қатар жалпы түсім 732 мың тонна майлы дақылдар көлемін құрайды, ал халық қажеттілігін қамтамасыз етуге 800 мың тонна дақыл жетеді деп болжанған.

Қарақұмыққа келетін болсақ, бұл азық түрі толығымен жиналды, ішкі қажеттілікті қамтамасыз етуге жететін 43 мың тонна астық алынған.

Жалпы алғанда, егін жинау науқанының қорытындысы, сондай-ақ бірқатар майлы және жарма дақылдарын уақытша сыртқа шығаруға тиым салу шарасы ішкі нарықты майлы және жарма өнімдерімен толықтай қамтамасыз етуге жететіндігін көрсетті.

Соңғы жаңалықтар