Қазақстандағы депозиттер көлемі 16,9 трлн теңгеге жуық

АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстанда 2018 жылғы ақпанның соңындағы жағдай  бойынша резиденттердің депозиттік ұйымдардағы депозиттерінің көлемі 2018 жылғы ақпанның соңында 16 898,3 млрд. теңге (бір айда қысқару 1,3%) болды, деп хабарлайды «ҚазАқпарат» ХАА  Ұлттық банктің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
None
None

Атап айтқанда, заңды тұлғалардың депозиттері 8 867,7 млрд теңгеге дейін 2,2%-ға, жеке тұлғалардың депозиттері 8 030,7 млрд теңгеге дейін 0,3%-ға қысқарды.

Ұлттық валютадағы депозиттердің көлемі бір айда 9 263,9 млрд теңгеге дейін 0,9%-ға, шетел валютасымен 7 634,4 млрд  теңгеге дейін 1,8%-ға кеміді. Депозиттерді долларландыру деңгейі ақпанның соңында 45,2% (қаңтарда - 45,4%) болды.

Заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы депозиттері 2018 жылғы ақпанда 5 248,5 млрд теңгеге дейін 3,1%-ға, шетел валютасымен 3 619,2 млрд теңгеге дейін  0,9%-ға (заңды тұлғалардың депозиттерінен 40,8%) қысқарды.

Жеке тұлғалардың теңгемен депозиттері 4 015,5 млрд теңгеге дейін 2%-ға ұлғайды, шетел валютасымен 4 015,2 млрд теңгеге дейін 2,6%-ға (жеке тұлғалардың депозиттерінен 50%) қысқарды.

Мерзімді депозиттер көлемі бір айда 1%-ға қысқарып, 11 651,7 млрд теңге болды. Олардың құрылымында ұлттық валютамен салымдар 6 250,5 млрд теңгені, шетел валютасымен  5 401,2 млрд теңгені құрады.

Банктік емес заңды тұлғалардың ұлттық валютадағы мерзімді депозиттері бойынша орташа алынған сыйақы мөлшерлемесі 7,4% (2017 жылғы желтоқсанда - 8%), жеке тұлғалардың депозиттері бойынша - 11,5% (11,7%) болды.

Соңғы жаңалықтар