Қазақстандағы ең алғашқы өнеркәсіптік жел электр стансасына 3 жыл толды

КӨКШЕТАУ. ҚазАқпарат - Ерейментау ауданындағы жел электр стансасы 3 жыл ішінде сағатына 500 миллион кВт-тан астам электр қуатын өндірді, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі «Самұрық - Энерго» АҚ Үкімет және коммуникациялармен байланыс кеңсесіне сілтеме жасап.
None
None

«EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі осында өндірілген электр қуатымен қамтамасыз етілген болатын. Ведомствоның дерегі бойынша, ағымдағы жылдың тамыз айында Қазақстандағы өнеркәсіптік типтегі алғашқы жел электр стансасының пайдалануға берілгеніне тура 3 жыл толып отыр. Нысан Ақмола облысының Ерейментау қаласы аумағында орналасқан. 

«2015 жылы Ерейментау жел электр стансасының мемлекеттік қабылдау комиссиясы нысанға акт рәсімдеді. 2015 жылдың 11 желтоқсанында Елбасы Н. Назарбаевтың қатысумен тікелей эфирде өткен теле көпірде нысан іске қосылды. Осы аралықта қуаты 45 МВт жел электр стансасы сағатына 500 миллион кВт-тан астам электр қуатын өндірді. «Самұрық - Энерго» АҚ еншілес компаниясы «Алғашқы жел электр стансасы» ЖШС жобасы Ақмола облысының қуат тепе-теңдігін жақсарту және қоршаған ортаны қорғау тұрғысынан алғанда пайдасы зор болды», - деп түсіндірді ведомстводан.

Компанияның жел стансасы әрқайсысының қуаты 2,05 МВт болатын 22 жел қондырғысынан және 220/35КВ подстансадан тұрады. Пайдалануға берілген уақыттан бастап, барлығы 23 жаңа жұмыс орны ашылды. Оның 12-сі - жергілікті тұрғындар. Жел электр стансасының жұмысы органикалық отын пайдаланусыз және СО2 қалдықтарынсыз жылына сағатына 172,2 миллион кВт электр қуатын өндіруге мүмкіндік береді. 

«Өндірілген электр қуаты Қазақстанның ұлттық электр желісіне түседі. Айталық, «EXPO-2017» халықаралық мамандандырылған көрмесі осында өндірілген электр қуатымен қамтамасыз етілді», - деп толықтырды «Самұрық - Энерго» АҚ Үкімет және коммуникациялармен байланыс кеңсесіндегілер.

Бүгінгі таңда «Самұрық - Энерго» АҚ кәсіпорындары өндірген электр қуатының (күн сәулесі, жел, шағын ГЭС) жалпы үлесінде жел электр стансасының үлесі 1,5 пайызды құрайды. 2017 жылы қазақстандық әрбір үшінші жасыл энергия киловатт-сағаты «Самұрық - Энерго» АҚ еншілес компанияларына тиесілі.

Соңғы жаңалықтар