Қазақстандағы ең алып жыланның ұзындығы 5 метрге жуықтады (ФОТО)

«Біздің зообақта 2003 жылы жыланның баласы жұмыртқасын жарып шықты. 10 сантиметрлік бұл торлы питонды экзотариумның қызметкерлері өзара «Қыз бала» деп атады. Сол жылан міне 12 жылдан кейін мынадай құбыжыққа айналды. Бұл хайуанаттар бағы тарихында бұрын-соңды болмаған оқиға. Қазір оған басқа да зообақтар қызығушылық танытып отыр. Сондықтан біз оның ұзындығын дәл өлшеп көруді ұйғардық. Өйткені бұған дейін тек жай көзбен ғана шамалап келген болатынбыз», - деді А. Гурнев.
Оның айтуынша, мұндай алып жыланның ұзындығын өлшеу өте қиын. Біріншіден өте қауіпті: мұндай жылан өзін қорғау үшін ештеңеден тайынбайды, екіншіден оны созу тіпті мүмкін емес десе де болады.
«Ең алдымен оны вольерден шығару үшін жақсылап қоректендірдік. Қорегін қылғытып болған соң, ол жуасып сала берді. Сөйтіп, еріксіз өзін өлшетуге мүмкіндік берді. Алдымен оны кәдімгі жіппен өлшедік. Өйткені жылан созылып жатқысы келмей қойды. Бірақ, қиналсақ та дұрыс өлшеп шықтық. Сонымен ұзындығы 4 метр 79 сантиметрді құрады. Бұл бізді қайран қалдырды.
Бұл Қазақстандағы ең ұзын жылан. Негізі торлы питондар өмір бойы өседі ғой. Қазір бірқатар елдердің зообақтары біздің жыланға қызығушылық таныта бастады. Бірақ біз оның осы жерде қалғанын қалаймыз. Мұндай көлемдегі жыланды өсіру - бұл үлкен жетістік», - деді экзотариумның меңгерушісі.