14:44, 18 Наурыз 2013 | GMT +5
Қазақстандағы ең мықты жабдықталған емдеу мекемелерінің бірі Семейде орналасқан
АСТАНА. 18 наурыз. ҚазАқпарат - Семейде ашылған көпсалалы «In Vitro+» денсаулық сақтау мекемесі бүгінде медициналық қызметтің барлық түрлерін көрсетеді. Негізінен онда зертханалық және диагностикалық қызмет, әртүрлі мамандардың кеңесі мен ем-домдары жүргізіледі. Бұл туралы Аltaynews.kz хабарлайды.

Мекеме бастығы Насиба Изатуллаеваның айтуынша, озық үлгідегі медициналық құрал-жабдықтармен қамтылған емхана күніне 300 адамды қабылдай алады. Және бағасы да қымбат емес. Бұндай заманауи жабдықтар еліміздің санаулы өңірінде ғана бар.
Жақында қала басшысы Айбек Кәрімовке мұнда ультра дыбыстық диагностикалық кабинеттің, қан қысымы мен ЭКГ құралдарының қызметтері таныстырылды.
УДЗ аппараты аяғы ауыр әйелдердің жағдайын үш есе үлкейтілген бейнеде көрсетіп, нақты хал-ахуалын анықтап бере алады. Қан алу бөлмесінде де қанның қай тобы екендігін анықтауға, басқа да зерттеулер жүргізуге толық мүмкіндік бар. Сондай-ақ, емханадағы вакуумды терапия құралы қан тамырлары және тері ауруларын емдеуде аса тиімді.