Қазақстандағы ең ұзын көпір қайда салынады?

АСТАНА. 20 ақпан. ҚазАқпарат - Еліміздегі ең ұзын көпір Астанада және Алматыда емес,
None
None

таулы Алтай өңірі Шығыс Қазақстан облысында салынғалы отыр, деп жазды өзінің бүгінгі санында «Айқын» газеті.

Еліміздегі ең ұзын көпірдің құрылысы 2014-2015 жылдары Бұқтырма су қоймасының үстінен өтпек. Бұл туралы интернет конференцияда облысы әкімі Бердібек Сапарбаев мәлімдеді. Су қоймасының екі жағалауын көпір арқылы қосатын бұл жоба шын мәнінде «ғасыр құрылысына» айналғалы отыр. Бұл туралы Altaynews.kz порталы да хабарлады.

«Бұқтырма су қоймасының үстінен көлік қатынайтын көпір құрылысы қашан басталмақ?, - деп әкімнің сайтына сауал жолдаған Шығыс Қазақстан облысы Күршім ауданының тұрғыны аймақ басшысы Бердібек Сапарбаевтан келесідей жауап алды: «Ауыл халқының өмірінде көпір құрылысы шын мәнінде маңызды рөл атқарады. Мұны толыққанды түсініп отырмыз. Сондықтан біз қазіргі таңда Оңтүстік Кореяның «Posco E&C» компаниясымен келісімшартқа отырдық. Көпірді салуға қатысты құжаттар қазір дайындалу үстінде. Осыған орай жобаны 2014-2015 жылдары бастамақ ойымыз бар. Көпірдің ұзындығы екі шақырымға созылады. Бұл өз кезегінде Қазақстандағы ең ұзын көпір болмақ», - дейді облыс басшысы Бердібек Сапарбаев.

Соңғы жаңалықтар