Қазақстандағы еңбек мигранттарын реттеуге Ресейдегі жүйе тиімді - ІІМ
«Еліміздегі еңбек мигранттарының жұмысына қатысты жаңа тетігі әзірленді. Бұл ретте көші-қон жөніндегі халықарлық ұйымдардың қолдауымен шетелдік жұмыс күшін тартудың әлемдік тәжірибесі зерделенді. Мәселен, АҚШ ұлттық экономикасында еңбек мигранттары жұмыс күшінің әжептәуір бөлігін қамтамасыз етіп отыр. Ол бойынша еңбек мигранттарын тарту негізгі екі бағытта жүзеге асады. Оның бірі еңбек мигрантының мәртебе алуы болса, екіншісі уақытша жұмыскер ретінде болу. Екіншісінің АҚШ-та болу мерзімі шектеулі. Бұндай мигранттар санатымен келушілер саны шектеусіз, яғни олар маусымдық жұмыстарға, курорттық қалалардағы қызмет көрсетулерге орналасады», - дейді Қ. Тыныбеков.
Оның айтуынша, Францияның еңбек мигранттарын реттеуге бағытталған заңнамасы қаталдау. Еңбек мигранттарын тарту барысында Франция жұмыс берушісі шетелдікке ұсынылатын жұмыс орнының француз азаматтарын қызықтырмағанын дәлелдеуі керек. Бұнымен қоса, кейбір мамандықтарға аса жеңілдетілген визалық режимі ұсынылады. Оларға әртістер, спортшылар, мәдениет пен өнер қайраткерлері жатады. Еңбек ресурстарының есебін жүргізетін нақты жүйе қалыптасқан. Ол бойынша Францияға тек француз экономикасына қажетті мамандар ғана келе алады. Құзырлы, талантты мамандықтарға арнайы карталар рәсімделеді.
«Ал Қазақстанға Ресейде қолданылатын еңбек патенттерін беру жүйесі аса қолайлы болып табылады. Ресейде жеке тұлғаларда жалданатын жұмыс күшіне еңбек патенттері беріледі. Ол шетелдікке еңбек мигрантына Ресей миграция қызметінің аумақтық бөлімшелері арқылы беріледі. Патент шетелдік жұмысшы 1000 рубль төлегені туралы түбіртек көрсеткенде ғана беріледі. Бұл 1 айдан 3 айға дейін жарамды болады, сосын оны 1 жылға ұзартуға және төлем жасайды», - дейді Қайрат Тыныбеков.