Қазақстандағы қор нарығы рөлін қайта ой елегінен өткізу қажет - Д.Ақышев

None
None
АСТАНА. ҚазАқпарат - Қазақстандағы қор нарығы рөлін қайта ой елегінен өткізу қажет. Бұл туралы бүгін «Корпоративтік басқару: Қазақстанның инвестициялық тартымдылығына жаңа көзқарастар» атты ұлттық форум барысында ҚР Ұлтық банкі төрағасы Данияр Ақышев мәлім етті.

Ол өз сөзінде Қазақстанда капиталды қайта бөлу және экономиканы қаржыландыру көзі ретінде қор нарығы мен акционерлік капиталдың жұмыс істеуінің шынайы қажеттілігі бар ма деген сауалға тағы да бір мәрте жауап беру қажеттігін баса айтты.

«Қазақстанда тарихи тұрғыда қорландырудың банкілік моделі басымдықпен қалыптасқан. Онда негізгі тетік ретінде банк несиесі алға шығады. Оған банк секторында реформа жүргізу мен халықаралық стандарттарға көшу, сонымен қатар қажетті салықтық ынталандырулар мен жеңілдіктер енгізу өз септігін тигізді. Дегенмен, қор нарығы барлық қажетті инфрақұрылға ие, айтарлықтай реформаланған. Бірақ, осыған қарамастан жеке зейнетақы қорлары жұмыс істеген кезеңде суперреттеуші ғана болды», - деді Д.Ақышев.

Соңғы жаңалықтар