Қазақстандағы өлім-жітім біршама төмендеді

АСТАНА. 15 қараша. ҚазАқпарат - Қазақстандағы өлім-жітім көрсеткіші біршама төмендеді. Бұл жайында бүгін ҚР Статистика агенттігінде болған баспасөз мәслихатында мәлім болды.
None
None

«Биылдың қаңтар-қыркүйегінде елдегі өлім-жітім саны 107,4 мың адамды құрап, бұл көрсеткіш өткен жылдың сәйкес кезеңіне қарағанда, 2,1 пайызға кем болды»,-деді аталған агенттіктің төрағасы Әлихан Смайылов.

Оның айтуынша, аталған тоғыз айдағы мерзімде 1 жасқа дейінгі 3 995 сәби шетінеген ( былтыр 4197 сәби шетінеді). Олардың өлім-жітіміне  көбінесе  перинатальдық кезеңде, яғни туа біткен аномалиялардан, тыныс алу дерті, улану мен жарақат алу салдары себеп болуда.

Соңғы жаңалықтар