13:09, 02 Маусым 2009 | GMT +5
Қазақстандағы он жыл ішіндегі табыс ? Hewlett-Packard компаниясы
АЛМАТЫ. Маусымның 2-сі. ҚазАқпарат – Hewlett-Packard (HP) компаниясы Қазақстанда он жыл жұмыс істеп келеді. Бұл мерейтойды олар жыл бойы – 2009 жылдың маусымынан 2010 жылдың маусымына дейін тойламақшы,
деп хабарлайды НР баспасөз қызметіне сілтеме жасап.Қазақстандағы НР тарихы 1999 жылдан басталады. Бүгінгі күні компанияның Астана мен Алматы қалаларында кеңселері бар, оларда 45 қызметкер жұмыс істейді. Оның кең әріптестік желісі бар, оларға 6 авторландырылған сервистік орталық пен 36 әріптестік кіреді. Осы жылдар ішінде жетекші мемлекеттік, банктік, телекоммуникациялық және өндірістік ұйымдардың IT-инфрақұрылымдарын құру, жаңғырту және қызмет көрсету бойынша 30-дан астам жобалары іске асырылды. Оның тұрақты тапсырыс берушілерінің қатарына ҚР Ұлттық банкі, Мемлекеттік зейнетақыларды және субсидияларды төлеу орталығы, ҚР Қаржы министрлігінің Қазынашылық комитеті мен Салық комитеті, Қазақстандық банкаралық есеп айырысу орталығы, ҚР Халық банкі, «Қазақтелеком» АҚ, «Қазақстан GSM» ЖШС және басқалары бар.НР Қазақстанның ақпараттық технологиялар рыногындағы ірі жеткізуші болып табылады және ол елдегі әлеуметтік салаларды дамыту үшін инвестицияларды тартуды жүзеге асырады. НР әл-Фараби атындағы Қазақ ұлттық мемлекеттік университетімен, Қ.Сәтбаев атындағы Қазақ техникалық университетімен, Донорлар қауымдастығымен және MediaNet халықаралық журналистика орталығымен бірлесіп қайырымдылық жобаларын іске асырды.«НР Қазақстанда болған 10 жыл ішінде рынок көшбасшыларының біріне айналды. Қазақстан мүмкіндігі мол елдер қатарына жатады, ал НР компаниясы елдің инновациялық дамуына қолдау көрсету үшін өз ұсыныстарын ұсынуға әзір», ? деді НР бас директоры Мұрат Нұрғали.