Қазақстандағы Өзбекстан жылы: Қызылордада өзбек өнерпаздары ән шырқады

ҚЫЗЫЛОРДА. ҚазАқпарат - Қызылорда қаласындағы «Достық үйінде» Өзбекстанның Навои облысынан келген өнерпаздар жергілікті жұртшылыққа өз тартуын жасады. Бұл шара биыл атап өтіліп жатқан Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында қолға алынып отыр, деп хабарлайды ҚазАқпарат тілшісі.
None
None

Көршілес қонған туыс халық «Қаны бір елім, жаны бір елім» атты концерттік бағдарламасында өзбек әндері мен билерін нақышына келтіре орындады. Сондай-ақ, сол елдегі қазақ өнерпаздары да ән мен күйден шашу шашты. Концерттік бағдарламада 20-ға жуық өнерпаз елдің қошеметіне бөленді.

«Сыр өңірі тұрғындарының қонақжай қасиеті бізге өте ұнады. Бұл жағынан бір-бірімізге өте ұқсаспыз. Сондай-ақ, қос халықтың мәдениеті мен салт-дәстүрінде ерекше айырмашылық жоқ екені белгілі. Біз Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында басқа да шараларды жоспарлап отырмыз. Астана қаласында өзбектің ұлттық киімдері мен мәдениетіне арналған көрме өткізу ойластырылған», - деді Навои облысы әкімінің орынбасары Улугбек Сафаров.null 

Қазақстандағы Өзбекстан жылы аясында елімізде 200-ден астам шара өткізу жоспарланған. Мұндай игі шаралар негізінен еліміздің оңтүстік бөлігіндегі Тараз, Шымкент, Түркістан және Қызылорда қалаларында өткізіліп келеді.

Соңғы жаңалықтар