Қазақстандағы сақтандыру компанияларының жиынтық активі 411,6 миллиард теңгені құрап отыр - Қуаныш Дәуітов

АЛМАТЫ. 8 мамыр. ҚазАқпарат - Отандық сақтандыру компанияларының меншікті капиталы алғашқы тоқсанда 237,2 млрд. теңгені құрады.
None
None

Оны «Еуразия» сақтандыру компаниясы» АҚ-ның атқарушы директоры, басқарма мүшесі Қуаныш Дәуітов бүгін Алматыда өткен баспасөз мәслихатында айтты.

«Алғашқы тоқсанда Қазақстанның  сақтандыру нарығындағы сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақыларының көлемі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 10,8 пайызға артып, 57,5 млрд. теңгеге жетті. Ал  «Еуразия» сақтандыру компаниясы алғашқы 3 айда 12,8 млрд. теңгенің сақтандыру және қайта сақтандыру сыйақысын жинады. Бұл  жалпы нарық бойынша жинақталған сыйақының 22,2 пайызын құрайды», - деді Қ.Дәуітов. Оның айтуынша, қаңтар-наурыз айларында сақтандыру компанияларының жалпы жиынтық активі 411,6 млрд. теңге. Оның ішінде көшбасы компанияның үлесі өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда 7,9 пайызға артып, 48,3 млрд. теңгеге жетті.

Соңғы жаңалықтар